Саид Жалили: Иранның уран байытуға хақы бар

Фотография - Саид Жалили: Иранның уран байытуға хақы бар

Жалилидің сөзіне қарағанда, Иран маусымда президент сайлауы өткен соң ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымын айқындай түспек.

151 0

Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы хатшысы Саид Жалили әлемдік державалар Тегеранның уран байытуға құқы барын мойындаса ғана Иран келіссөздерінде нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Алматыда бүгін басталатын кезекті келіссөздер қарсаңында айтты.

Жалилидің сөзіне қарағанда, Иран маусымда президент сайлауы өткен соң ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымын айқындай түспек.

Алматыдағы келіссөздер 5-6 сәуірде өтеді. Оған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция өкілдері қатыспақ. Келіссөздерді Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон жүргізеді.

Мұның алдындағы келіссөздер де Алматыда 26-27 ақпанда өткен еді.

Халықаралық қауымдастық Иранды ядролық қару жасауға тырысып жатыр деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!