Украина тәжік экс-премьерін экстрадицияламайды

Фотография - Украина тәжік экс-премьерін экстрадицияламайды

Украина Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдулложоновты экстрадицияламайтын болды

227 0

Украина Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдулложоновты экстрадицияламайтын болды. Украина бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Маргарита Велкованың айтуынша, Абдулложоновтың АҚШ-та босқын ретінде тіркелген мәртебесі бар.

Экс-премьер биыл ақпанда Киевтің Борисполь әуежайында АҚШ-тан ұшып келген бойда халықаралық ордермен тұтқындалған еді.

Ол 1994 жылы Тәжікстанда президент сайлауында қазіргі президент Эмомали Рахмонға қарсылас болған. Кейін оған тәжік билігі 1996 жылы президентке жасалған қастандыққа және 1998 жылы Соғды облысындағы бүлікшілер шабуылына қатысы бар деп айыптаған. Бұған қоса ол ұйымдасқан қылмысқа және террористік іс-әректеке қатысы бар деп те айыпталған. 

Абдулложоновтың өзі айыптарды "саяси астары бар" деп, жоққа шығарады. Ол соңғы 10 жылдан бері АҚШ-та тұрып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!