Бокстан әлем чемпионы арнайы жасақтың сынағынан өту кезінде қайтыс болды

Фотография - Бокстан әлем чемпионы арнайы жасақтың сынағынан өту кезінде қайтыс болды

Уфада Жазаны атқару федералдық қызметі басқармасының (ЖАФҚБ) «Смерч» арнайы жасағына қызметке қабылдауға сынақ тапсыру кезінде француз боксынан әлем чемпионы және спорт шебері есінен танып қалған

272 0

Уфада Жазаны атқару федералдық қызметі басқармасының (ЖАФҚБ) «Смерч» арнайы жасағына қызметке қабылдауға сынақ тапсыру кезінде француз боксынан әлем чемпионы және спорт шебері есінен танып қалған.

«Бірнеше күн ес-түссіз жатқан 29 жасар Алексей Кочкин көзін ашпастан қайтыс болды. Башқұрстанның тергеу комитеті спортшының ауыр соққы алуы оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.

Боксшы төрт қарсыласпен жекпе-жектен кейін есінен танып қалған. Тергеу мекемесінің айтуына қарағанда Алексей Кочкин 30 қаңтарда «Смерч» арнайы жасағына қабылдау туралы өтініш білдірген. 20 наурызда спортшы жүгіру, тартылу, кеудені көтеру және 4 қарсыласпен айқасу секілді сынақтардан өткен.

«Әрбір жекпе-жек екі минутқа созылған, соңғы айқаста боксшының жағдайы нашарлап кеткен соң оны ауруханаға жеткізген, алайда дәрігерлер жас жігітті құтқарып қала алмады», - деп жазады «Комсомольская правда» газеті.

Сот-медициналық сарпатама қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Life News-дың деректеріне сенсек, Алексей Уфада әуе-техникалық университетінде дене шынықтырудан сабақ берген. Ұзақ уақыт арнайы жасақтың сарбазы болуды армандапты. Қаңтарда сәбилі болған соң, көбірек табыс табу үшін қызметін ауыстыру туралы шешімге келген.

Тергеу комитеті алдын ала тергеу барысында арнайы жасақ жауынгерін қабылдау ережесін, соның ішінде жекпе-жек сынағын да саралауда. Башқұртстан Тергеу мекемесі басшысының аға көмекшісі Светлана Абрамова «тексеру қорытындысына соң ғана спортшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады», - деп отыр. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!