Отунбаева: Бакиевтің елден кетуіне өзім рұқсат еттім

Фотография - Отунбаева: Бакиевтің елден кетуіне өзім рұқсат еттім

Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева 2010 жылы сәуірде биліктен кетірілген экс-президент Құрманбек Бакиевтің елді тастап шығуына өзі рұқсат еткенін мәлімдеді.

234 0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева 2010 жылы сәуірде биліктен кетірілген экс-президент Құрманбек Бакиевтің елді тастап шығуына өзі рұқсат еткенін мәлімдеді. 

Жұма күні Бішкекте семинарда сөйлеген Отунбаева АҚШ, Ресей және Қазақстан президенттерінің кеңесімен "елде азамат соғысының алдын алу үшін" Бакиевті елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдағанын, ол шешіміне жауап бере алатынын айтты.

Роза Отунбаева 2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың желтоқсанына дейін уақытша президент қызметін атқарған.

Бакиев 2010 жылдың сәуірінде елдегі үкіметке қарсы наразылықтар нәтижесінде биліктен кеткен еді. Ол содан бері Беларусьте тұрып келеді.

Ақпанда Бішкек соты Құрманбек Бакиевті сырттай 24 жылға, ал бауыры Жаныш Бакиевті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Оларға 2009 жылы тапсырыспен кісі өлтіртті деген айып тағылған.

Қырғызстан Беларусьтен Бакиевті экстрадициялауды бірнеше рет сұрады. Бірақ ресми Минск одан бас тартып келеді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!