Қытай «құс тұмауына» қатысты құстарды жаппай қырып-жоюда

Фотография - Қытай «құс тұмауына» қатысты құстарды жаппай қырып-жоюда

Қырып-жою «операциясы» алдымен Шанхай базарынан басталды

196 0

Қытайлықтар наурыз айының соңынан бері алты адамның өмірін жалмаған H7N9 вирусының тарауына тосқауыл қою үшін құстарды жаппай қырып-жою науқанын бастады.

Қырып-жою «операциясы» алдымен Шанхай базарынан басталды, себебі дәл осы базарда сатылған көгершін етінің арасынан құс тұмауының вирусы анықталған болатын.

Наурыз айының соңынан бері Қытайда құс тұмауын жұқтыру бойынша 14 оқиға тіркелді. Бір ғана Шанхайдың өзінде қазір осы дерттен төрт адам көз жұмған.

Қытай шенеуніктерінің сендіруінше, адам бұл дертті тікелей құстардың өзінен жұқтырған. Олардың мәліметтеріне сәйкес, құс тұмауының адамнан адамға жұғу фактісі әлі анықталмаған.

ВВС-дің Қытайдағы тілшілері хабарлағандай, өткен жолдары жергілікті билік өкілдері қауіпті дерттің сыртқа тарап кеткендігін құпия күйінде сақтауға тырысып еді, осы жолы олар журналистермен өздері ынтымақтаса жұмыс істеуге кіріскен. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!