Иранда жол апатының салдарынан 18 адам көз жұмды

Фотография - Иранда жол апатының салдарынан 18 адам көз жұмды

Иранның оңтүстік-шығысында ірі жол апаты орын алды. Ішінде ауғанстандық босқындары бар шағын автобус заңсыз жанармай тасымалдап келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан

103 0

Иранның оңтүстік-шығысында ірі жол апаты орын алды. Ішінде ауғанстандық босқындары бар шағын автобус заңсыз жанармай тасымалдап келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 18 адам көз жұмды деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Апат Систан және Белуджистан провинцияларында орын алған. Шағын автобуста Ауғанстаннан Иранға құжатсыз жол тартқан босқындар болған, ал екінші көлікте отырған екеу контрабандалық жолмен Иранның шығысына жанар жағармай жеткізбек болған екен.

Қайғылы жайттың басты себебі - жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттырып жіберуі. Соқтығысқаннан кейін көліктердің екеуін де қызыл жалын жалмаған. Қайтыс болғандардың барлығы түрлі жарақаттар мен күйіктің салдарынан көз жұмған. 


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!