БҰҰ АҚШ-ты Гуантанамо түрмесін жабуға шақырды

Фотография - БҰҰ АҚШ-ты Гуантанамо түрмесін жабуға шақырды

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллай Гуантанамодағы абақтыны жабу үшін америкалық парламенттің күш-жігерін бірігуге шақырды

152 0

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллай Гуантанамодағы абақтыны жабу үшін америкалық парламенттің күш-жігерін бірігуге шақырды.

Осы орайда ол аталған түрмеде халықаралық құқықтың нормалары бұзылып отырғандығын қадап айтты, деп жазады ВВС.

Төрт жыл бұрын Пиллай Кубадағы америкалық әскери базаның аумағында орналасқан түрмені жабу жөніндегі АҚШ президенті Барак Обаманың уәдесін қолдаған болатын. Алайда бүгінде ол бұл бағытта ештеңе де өзгермегеніне көңілі қалып отырғандығын жеткізді.

Пиллай өз сөзінде жақында қамауда отырғандардың аштық жариялауы, олардың әбден ашынғандығын байқатқанын атап өтті. Лаңкестік бойынша күдікті саналатын 160 адамның кейбірі Гуантанамода 10 жылдан астам уақыт қамауда отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!