Су тасқынынан 57 адам қаза тапты

Фотография - Су тасқынынан 57 адам қаза тапты

Аргентинаның Ла-Плата қаласында су тасқынынан 57 адам қаза тапты. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Буэнос-Айреста өтті

185 0

Аргентинаның Ла-Плата қаласында су тасқынынан 57 адам қаза тапты. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Буэнос-Айреста өтті.

Су тасқыны бірнеше күн қатарынан жауған нөсер салдарынан болған. Аймақта бір тәулік ішінде ондаған үй су астында қалды. Буэнос-Айрес губернаторы табиғаттың тосын мінезінен ең көп зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілгенін айтты. Оларға азық-түлік, жылы киім мен таза су және одан да басқа қажетті заттар жеткізілді. Елде тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталып, ажыратылған электр қуаты қайта іске қосылды. Жергілікті билік баспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсетілетінін айтып, уәде берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!