Қырғызстанда әйелдерге арналған бөлек мешіт салынады

Фотография - Қырғызстанда әйелдерге арналған бөлек мешіт салынады

Көп ұзамай Ош қаласының орталық мешіті жанынан әйелдерге арналған бөлек құлшылық үйі тұрғызылады. 

179 0

Көп ұзамай Ош қаласының орталық мешіті жанынан әйелдерге арналған бөлек құлшылық үйі тұрғызылады. 

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті бөлімшесінің KGinform атты ақпарат порталы хабарлағандай, жүз адамға шақталған ғибадат үйінің құрылысы басталып та кеткен көрінеді. Осы мақсатта 2 миллиондай сом бөлінген.

Әйелдерге мешіт тұрғызу бастамасы осыдан бір жыл бұрын көтерілген болатын. Осылайша, жергілікті діндарлар мұсылман әйелдердің діни сауатын арттырып, теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыруды көздейді. Белгілі болғандай, өзге ағым өкілдері отбасы, ошақ қасындағы әйелдер үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырып, басқа да айла-шарғылар арқылы олардың басын айналдырып, өз жағына тартады.

Аталмыш жоба кейбір билік басындағы лауазымды тұлғалардың көңілінен шыққан екен. 


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!