Johnson & Johnson компаниясының мұрагері Барбара Джонсон дүниеден өтті

Фотография - Johnson & Johnson компаниясының мұрагері Барбара Джонсон дүниеден өтті

Барбара Пясецкая Джонсон 15 сәуірде Вроцлавта жерленбек.

119 0

Полшада әлемдегі бай әйелдердің бірі - Барбара Пясецкая Джонсон дүниеден өтті, деп хабарлады.

Ол 1 сәуірде ұзаққа созылған науқастан кейін көз жұмған болатын, бірақ бұл туралы хабарды туыстары үш күннен кейін ғана жария етті. Барбара Пясецкая Джонсон 15 сәуірде Вроцлавта жерленбек.

Оның өмірбаяны «американдық арманның» іс жүзіне асқанының куәсі. Бұрынғы қызметші әйел әлемге танымал бизнес-империяның мұрагеріне айналды.

Барбара Пясецкая 1937 жылы Польшаның шығысындағы Станевичи деревнясында - қазіргі Беларусьтің Гродно облысында Берестовицк ауданында дүниеге келген. Оның әкесі фермер болды, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Пясецкийлер елдің батысына қоныс аударып, Вроцлавқа орнықты. Барбара Вроцлав университетінде өнер тарихын игеріп, кейін Римге оқуға аттанды, ал 1968 жылы одан Құрама Штаттарға жол тартты.

Сұлу қыз Америкаға жүз шақты доллармен барған, ағылшын тілін білмеген. Қаржы тапшылығынан қызмет іздеп жүріп, Нью-Джерсиде Johnson & Johnson корпорациясының иегері болған Джонсонның ұлы Джон Сьюард Джонсонның жеке үйінде қызметші әйел болып жұмысқа орналасқан. Джонсон ол кезде  дәрілер мен медициналық жабдықтар «империясының» мұрагері болып, жарты ғасырдай отбасылық бизнестің директоры қызметін атқарып жүрген. Поляк «Золушкасы» өзінен қырық екі жас үлкен қартайған «ханзаданың» жүрегін жаулап алып, әйелінен айырып, тұрмысқа шықты. Магнат қайтыс болғаннан кейін Johnson & Johnson компаниясының 500 млн доллар акциясына ие болды. Епті әйел бұл капиталды ұлғайтып, 2013 жылы әлемдегі ең бай әйелдер рейтингісіне енді. Оның дәулеті 3,6 млрд. долларды құрады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!