ҚХДР жаңа ядролық сынаққа дайындалуда

Фотография - ҚХДР жаңа ядролық сынаққа дайындалуда

ҚХДР-да Пунгери ядролық полигонындағы белсенділік елдің кезекті, төртінші рет ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатыр. 

162 0

ҚХДР-да Пунгери ядролық полигонындағы белсенділік елдің кезекті, төртінші рет ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатыр.

Оңтүстіккорейлік агенттіктің ақпараты бойынша, соңғы уақытта полигондағы ары-бері жүрген көлік пен әскери қызметшілер көбейген. Үкімет шенеунігінің айтуынша, ҚХДР-дағы қазіргі әрекеттер ол бұған дейінгі сынақты өткізу алдындағы қимыл-әрекеттерге ұқсайды.

ҚХДР соңғы ядролық сынақты осы жылдың ақпан айында өткізген болатын. Солтүстіккорейлік биліктің бұл қылығы халықаралық қарсылық туғызды.

Еске сала кетсек, бұған дейін оңтүстіккорейлік баспасөздер ҚХДР елдің шығыс жағалауына ұзаққа ұшатын 2 зымыран тастағанын хабарлаған болатын. Жұма күні Корей түбегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Пхеньянда қызмет атқаратын Ресей мен Еуроодақ дипломатиялық миссияларының қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіру ұсынылды.  

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!