Мишель Обама өзін жалғызбасты ана деп атады

Фотография - Мишель Обама өзін жалғызбасты ана деп атады

Кейін сөзін түзеп, кей кездері өзін жалғыз сезінетінін, жұбайының жұмысбастылығын айтып налыды

254 0

АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама америкалық басылымдардың біріне берген сұхбатында байқамай өзін «жалғызбасты ана» деп айтып қалды.

Кейін сөзін түзеп, кей кездері өзін жалғыз сезінетінін, жұбайының жұмысбастылығын айтып налыды. «Президенттің әйелі болған қандай қиын. Кейде өзімді сондай жалғыз сезінемін», -деп толықтырды Мишель Обама.


Алайда, БАҚ өкілдері бұл сөздердің астары бар деп топшылап, АҚШ президентінің Калифорнияның бас прокуроры Камала Харристі «елдегі ең сүйкімді бас прокурор» деп мақтаған сөзімен байланыстыруға тырысты. Кейін Обама бұл сөздері үшін кешірім сұрады. Ал БАҚ өкілдері Барак Обамаға әйеліне көңіл бөліп, басқа аруларға көз салмаса игі еді деп отыр. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!