Бакуде Бүкіләлемдік экономикалық форум басталды

Фотография - Бакуде Бүкіләлемдік экономикалық форум басталды

Аталмыш шараға еліміздің делегациясын ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастап барды

246 0

Бүгін Бакуда «Оңтүстік Кавказдың және Орталық Азияның болашағына байланысты стратегиялық диалог» тақырыбында Бүкіләлемдік экономикалық форум өз жұмысын бастады.

Форумға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Бүкіләлемдік экономикалық форумның атқарушы төрағасы Клаус Шваб және бірқатар шетелдік үкіметтік делегациялар қатысуда.

Аталмыш шараға еліміздің делегациясын ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастап барды.

Форумда негізінен өнеркәсіп, табиғи байлықтар, көлік, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, қаржы және телекоммуникация салаларына байланысты мәселелер қозғалмақ.

Бакудегі Бүкіләлемдік экономикалық форум аймақтық және жаһандық ойыншылар үшін өңір болашағына байланысты мүмкіндіктерді саралаудың маңызды тұғырнамасына айналып, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азиядағы әріптестік пен интеграцияның дамуына ықпал етпек.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!