«WikiLeaks» АҚШ-тың 1,7 миллион құпия құжатын жариялап жіберді

Фотография - «WikiLeaks» АҚШ-тың 1,7 миллион құпия құжатын жариялап жіберді

«WikiLeaks» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж 1973-1976 жылдардағы америкалық дипломаттардың құпия барлау қызметіне қатысты 1,7 миллион дана құжатты жариялап жіберді.

219 0

«WikiLeaks» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж 1973-1976 жылдардағы америкалық дипломаттардың құпия барлау қызметіне қатысты 1,7 миллион дана құжатты жариялап жіберді.

Ассанждың айтуынша, бұл құжаттар АҚШ –тың бір кездері әлемдік саясат пен тарихқа тигізген әсері жайынан хабар береді екен. Ондағы көптеген хаттар 1973-77 жылдар аралығында АҚШ-тың мемхатшысы болған Генри Киссинджердің жеке өзіне жолданып отырған.

«WikiLeaks» сайты болса, бұл «жинаққа» «АҚШ дипломатиясының жария кітапханасы» деген айдар тақты. Өйткені, құжаттардың басым бөлігінің бұрышына «таратылмауы тиіс» деген белгі соғылған көрінеді. Солай бола тұра, құпиялық мәнге ие құжаттар қатарында жеделхаттар, барлау есебі, Конгресс өкілдерінің хат алмасулары мен АҚШ билігінің өзге де хаттамалары бүгінде ғаламторда жарияланған.

2010 жылдың қарашасында осы ел дипломаттарының қызметіне қатысты құжаттарды жариялағаннан кейін «WikiLeaks» сайтына қатысты дау-дамай өрши түскен болатын. Соның артынша «MasterCard», «PayPal» және «Visa» жүйелерін интернет-портал арқылы пайдаланушылары да кейбір заңсыздықтың құрбанына айналған болатын.

Ал Ассанждың өзі болса, өткен жылдың маусым айынан бері Ұлыбританиядағы Эквадор елшілігінде жасырынып жатыр. Британ жоғарғы соты Ассанжды жыныстық сипатқа қатысты қылмысы бар деген сылтаумен оны Швецияға экстрадициялау керек деп қаулы қабылдаған болатын. Ал «WikiLeaks»-тің негізін қалаушы тұлға «АҚШ билігіне мені тапсыру арқылы олар мені өлім жазасына кесуі мүмкін» деп бұл қаулыға үлкен күдікпен қарап келеді. 


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!