Хакерлер Израильге «шабуыл жасады»

Фотография - Хакерлер Израильге «шабуыл жасады»

Хакерлер Палестинаны оккупациялауға қарсылық танытып, Израильдің үкіметтік ұйымдары сайттарына кибершабуыл жасады.

224 0

Хакерлер Палестинаны оккупациялауға қарсылық танытып, Израильдің үкіметтік ұйымдары сайттарына кибершабуыл жасады.

Anonymous ұйымының өкілдері Twitter әлеуметтік желісінде «Израиль операциясының» басталғанын хабарлады.

Шабуыл еврейлер «Холокост құрбандарын еске алу күні» деп атайтын ұлттық аза тұту күндерінде Аустралия аумағынан басталған болатын. Бұл күн әдейі таңдап алынған секілді: мұның астарында Палестинадағы холокост қасіретінің қайталанбауы үшін жасалған ескерту жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Израильдің қорғаныс және білім беру министрліктерінің сайттары мен бірқатар израильдік банктердің сайттары шабуылға ұшыраған.

Қорғаныс шараларының қолға алынғанына қарамастан, хакерлер бірнеше сайттардың жұмысына залал келтірген.


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!