Сеул: Пхеньян ядролық сынақ жасамауы мүмкін

Фотография - Сеул: Пхеньян ядролық сынақ жасамауы мүмкін

Бірақ қорғаныс министрлігі ұзамай полигонда байқалған көріністердің "қатардағы жұмыстар екенін анықтаған".

243 0

Оңтүстік Корея билігі өкілдері "Солтүстік Корея төртінші рет ядролық қару сынағалы жатыр деген"  болжамын теріске шығарды. Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі дүйсенбіде "Солтүстік Кореяның Пунге-ри ядролық полигонында зымыран ұшыру немесе соған ұқсас сынаққа дайындық жүріп жатқаны байқалады" деп мәлімдеген еді.

Бірақ қорғаныс министрлігі ұзамай полигонда байқалған көріністердің "қатардағы жұмыстар екенін анықтаған".

Корей түбегіндегі жағдай соңғы апталарда шиеленісіп кеткен еді. Оған Солтүстік Кореяның наурызда үшінші рет ядролық жарылыс жасағаны себеп болған. Бұдан соң БҰҰ ол елге қосымша санкциялар салған.

Ал БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін Солтүстік Корея басшылығын арандату әрекеттерін жасамауға шақырды.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!