Германияда Femen өкілдері Путинге наразылық танытты

Фотография - Германияда Femen өкілдері Путинге наразылық танытты

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оқиғаны "қатардағы бұзақылық" деп сипаттап, әйелдерді жазалануы қажет деді. 

120 0

Ресей президенті Владимир Путин Ганновердегі өнеркәсіп көрмесіне қатысып жатқан кезде кенеттен бір топ белсенді әйел жартылай жалаңаштанып шығып, оған "диктатор" деп айқайлады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, белсенді әйелдер - Femen тобының мүшелері Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель көрмені аралап жүрген кезде журналистер арасынан шыға келген.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оқиғаны "қатардағы бұзақылық" деп сипаттап, әйелдерді жазалануы қажет деді.

Путин Германияға барған жексенбі күні де оның сапарына наразылық танытқан акциялар болған. Наразылық танытушылардың кейбірі түрме киімін киіп алған. Бірақ Песков наразылықтарды көрмегенін айтады.

Меркель Ганноверде Путинді Ресейде шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың қызмет етуіне мүмкіндік беруге шақырған.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!