Саакашвили велосипедтен құлап, қолын сындырып алды

Фотография - Саакашвили велосипедтен құлап, қолын сындырып алды

 Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр

135 0

Грузия президенті Түркия еліне жасаған ресми сапары барысында жоспарлаған бағдарламаларын кейінге қалдыруға мәжбүр. Өйткені, велосипедпен серуендеп жүрген кезінде Саакашвили оқыстан құлап, қолын сындырып алған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

Аталған жайт кешегі аптаның жексенбісінде орын алыпты. Стамбұл көшелерімен серуендеп жүрген кезінде ол велосипедтен ауып кеткен. Дереу ауруханаға жеткізілген президент ем қабылдап жатқан сәтінде-ақ 8 сәуірге белгіленген барлық ресми шараларды кейінге қалдырды.

Әзірге Саакашвили әкімшілігі мен ресми Түркия президенттің велосипедтен құлағаны жайында тіс жарған жоқ.

Айта кетейік, Грузия елінің басшысы салауатты өмір салтын ұстану үрдісімен көпшілікке танымал. Әсіресе, ол велосипедпен ұзақ серуендеуді жаны сүйеді. Тіпті, үйленер алдында қалыңдығына үнемі осы «шайтанарбасымен» барғанды жөн көрген екен.

Түркияда қолын сындырған шенеунік жалғыз Саакашвили емес. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың күзінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қонақ үйде сүрініп, дәл осындай жарақатымен ауруханаға жеткізілген болатын. 


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!