Путин: Ресей жыныстық азшылық құқықтарын бұзбайды

Фотография - Путин: Ресей жыныстық азшылық құқықтарын бұзбайды

Бұл құжат әлі мемлекеттік думаның қарауынан өтуі тиіс. Содан кейін ғана ол президентке жолданады

178 0

Владимир Путин Ресейде жыныстық азшылықты құрайтын топтардың құқықтарын кемсітушілік жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Амстердамдағы баспасөз жиынында айтты. Путиннің айтуынша, Ресейде "жыныстық азшылықты құрайтын топтардың құқықтары бұзылмайды және олар өзгелермен бірдей еркіндікке ие". Путин Амстердамға дүйсенбі күні барған. Онда ол жыныстық азшылық өкілдерінің құқын қорғаушылар  кездескен еді.

Қаңтарда Ресей депутаттары жыныстық азшылық өкілдеріне қарсы заң жобасын мақұлдаған еді. Ол бойынша, жыныстық азшылық өкілдеріне арналған іс-шараларды ұйымдастырушылар, жастар арасында гейлер, бисексуалдар ұйымдары туралы ақпараттарды таратқандарға 16 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Бұл құжат әлі мемлекеттік думаның қарауынан өтуі тиіс. Содан кейін ғана ол президентке жолданады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!