Иранда жаңа уран кеніштері ашылды

Фотография - Иранда жаңа уран кеніштері ашылды

Бүгін Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі елде уран өндіретін жаңа екі кеніш пен зауыттың ашылғаны туралы хабар таратты. Жаңа кеніштердің ашылуына Иран президенті Махмуд Ахмадинежад қатысқан

333 0


Бүгін Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі елде уран өндіретін жаңа екі кеніш пен зауыттың ашылғаны туралы хабар таратты. Жаңа кеніштердің ашылуына Иран президенті Махмуд Ахмадинежад қатысқан.

Йезд провинциясындағы Саганд қаласында орналасқан жаңа кеніштерден жылына 60 тонна «сары кек» деп аталатын уран оксиді өндірілетін болады деп хабарланды. Бұл химиялық концентрат байытылған уран дайындауға пайдаланылады.

Өткен аптада Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен «алтылықтың» (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия) арасындағы келіссөздер нәтижсіз аяқталған еді.

Батыс мемлекеттері Иран ядролық бағдарламаның көмегімен жойқын қару жасай ма деп алаңдайды. Ресми Тегеран болса ол бағдарламаның халықаралық атом агенттігі бақылауында екендігін, тек бейбіт мақсатты көздейтіндігін айтумен келеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!