Иранда жер сілкінісінен 37 адам мерт болды

Фотография - Иранда жер сілкінісінен 37 адам мерт болды

Иранның оңтүстік-батысында күшті жер сілкінісі болды. Жергілікті ақпарат құралдары зілзаладан 37 адам құрбан болып, 850 адам жараланғанын хабарлап жатыр

125 0

Иранның оңтүстік-батысында күшті жер сілкінісі болды. Жергілікті ақпарат құралдары зілзаладан 37 адам құрбан болып, 850 адам жараланғанын хабарлап жатыр.

АҚШ Геологиялық қызметінің дерегі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 6,3 баллды құраған. Зіңзаланың ошағы Иран атом электр станциясы (АЭС) орналасқан Бушерден 89 километр жерде болған.

Ал Бушердегі сейсмологиялық орталық жер сілкінісінің қуаты 6,1 балл болғанын айтады. Бунер провинциясының губернаторы Ферейдун Хассанванд АЭС-ке зақым келмегенін мәлімдеп үлгерді.

Жер сілкінісі болған аймақта 10 мыңға тарта адам тұрады. Мұндағы үйлердің көпшілігі топырақтан салынғандықтан, жер сілкінісіне шыдас бермейді.

Қызыл Жарты ай қоғамының Ирандағы өкілдігі аймаққа бүгін құтқару отрядын жіберетіндерін білдірді.

Иран үкіметі елде үш күндік қаралы күн жариялады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!