Польшада Ресей елшілігі алдында наразылық болды

Фотография - Польшада Ресей елшілігі алдында наразылық болды

Варшавадағы Ресей елшілігінің алдында жүздеген адам осыдан үш жыл бұрынғы президент Лех Качинский қаза тапқан ұшақ апатын Ресейден көріп, наразылық танытты. Акцияны оппозициялық оңшыл партиялар ұйымдастырды

180 0

Варшавадағы Ресей елшілігінің алдында жүздеген адам осыдан үш жыл бұрынғы президент Лех Качинский қаза тапқан ұшақ апатын Ресейден көріп, наразылық танытты. Акцияны оппозициялық оңшыл партиялар ұйымдастырды.

2010 жылдың 10-сәуірінде Ресейдің Смоленск облысында бортында сол кездегі президент Лех Качинский мен өзге 95 адам отырған Ту-154 ұшағы апат болған еді. Салдарынан экипаждың барлық мүшесі мен жолаушылар түгел қаза тапқан. Апатқа сараптама жасаған ресейлік және польшалық мамандар апат ұшақты тұманды ауа-райында қондырмақ болған пилоттың кінәсінен болды деп тұжырған. 

Тергеушілер арандату немесе қастандық болды деген болжамдарды жоққа шығарған.

Дегенмен, кейбір польшалықтар апатты Мәскеудің саясатын сынап жүрген Качинскийдің көзін жою үшін қолдан жасалған деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!