Франция біржынысты некені заңдастырды

Фотография - Франция біржынысты некені заңдастырды

Енді Францияның гомосексуалистері заңды түрде отау құрып, бала асырап ала алады. 

128 0

Франция Сенаты елдегі азаматтарға біржынысты некеге тұруға рұқсат берді. Жаңа заңды қолдаушылардың басымдығы 22 дауысқа артық. Осылайша рсепубликаның бүгінгі президенті Франсуа Оллан халыққа сайлау алдында берген уәдесін орындап отыр. Енді Францияның гомосексуалистері заңды түрде отау құрып, бала асырап ала алады.

РИА-Новости хабарлағандай, Сенатта талқыға түскен заң жобасын 179 сенатор қолдаса, қалған 157-сі қарсы шыққан. Осылайша, заң жобасы ешқандай түзетулерсіз мақұлданды. Франция Сенатының жұмыс ережесіне сәйкес, егер жаңа заңға бірінші қаралымда ешқандай түзетулер енгізілмесе ол мақұлданған болып есептеледі. Егер сенаторлардан түзету туралы ұсыныстар түссе, жобаны қайта өңдеу үшін Парламенттің төменгі палатасына жібереді.

Бұдан бұрын, 12 ақпан күні ұзаққа созылған пікірталастардан және шерулерден кейін республиканың Ұлттық жиынында осынау заң қабылданған болатын. Ол кезде депутаттардың 329-ы жобаны қолдап, 229-ы қарсы шыққан.

Айта кетейік, Оллан президенттікке сайланар алдында біржынысты неке мен олардың бала асырап алуын заңдастырып беремін деп уәде еткен еді. Осының арқасында енді Франция гомосексуализмді заң жүзінде қолдап отырған әлемдегі 12-ші мемлекет. Сарапшылар болса бұл жаңалықтың әсерін 1981 жылы Францияда өлім жазасына тиым салынған заңмен пара-пар дегенді айтып отыр. Ал, елдегі «қызтекелер» Францияға нағыз демократия енді жетті дейді. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!