Франция халал өнімін тұтынуда Ұлыбритания мен Германияны басып озды

Фотография - Франция халал өнімін тұтынуда Ұлыбритания мен Германияны басып озды

Парижде «Halal Expo 2013» аталатын халал өнімдерінің оныншы көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл шараға халал өнімдерін дайындайтын кәсіпорындардың 80-нен аса өкілі қатысуда.

186 0

Парижде «Halal Expo 2013» аталатын халал өнімдерінің оныншы көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл шараға халал өнімдерін дайындайтын кәсіпорындардың 80-нен аса өкілі қатысуда.

Ұйымдастырушылардың шамалауынша, көрмені 7 мыңнан астам адам тамашалайды. Олардың 15 пайызын шетелдік меймандар құрауы мүмкін. Бұл жайында «Умма-информ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап muslim.kz сайты хабарлады.

Аталмыш көрмеде жұртшылық Еуропа нарығындағы халал өнімдерінің соны түрлерімен танысады. Әдеттегіше жұрт назарына ұсынылатын өнімдердің 91 пайызын аграрлық сектордың өнімдері құрайтын болады. Сонымен бірге, Еуропа халал нарығы үшін жаңалық болып табылатын косметикалық өнімдер де көрмеге қойылады.

Ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, бүгінгі таңда Францияда халал өнімдерін тұтынатындар қатары 7 млн. адамды құрайды. Бұл көрсеткіш француздық органикалық тағам өнімдерінің арасындағы әйгілі нарыққа қарағанда 4 есеге көп.

«Франциядағы халал өнімдерінің нарығы даму қарқыны жағынан Ұлыбритания мен Германияға қарағанда әлдеқайда алда. Көрнекті француз маркетологтарының айтуынша, бүгінгі таңда Франциядағы халал өнімдерінің нарығындағы тауарлар айналымы 5,5 млн. еуроға бағаланып отыр. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 9 пайызға өсті», - делінген «Halal Expo 2013» ұйымдастырушыларының ресми сайтында.

Оныншы халал өнімдерінің көрмесі Париждегі «Porte de Versailles» деп аталатын әйгілі экспо-орталықта екі күнге созылады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!