Қытайда 28 адам H7N9 құс тұмауын жұқтырды

Фотография - Қытайда 28 адам H7N9 құс тұмауын жұқтырды

Қытайда 28 адам құс тұмауын жұқтырды. Оның 9-ы көз жұмды.  Жұқпалы дертке Шаңхайда 13 дам, Жыжиаңда 5 адам, Жияңсу мен Анхуйда 8 және 2 адам шалдыққаны белгілі болды

217 0

Қытайда 28 адам құс тұмауын жұқтырды. Оның 9-ы көз жұмды.  Жұқпалы дертке Шаңхайда 13 дам, Жыжиаңда 5 адам, Жияңсу мен Анхуйда 8 және 2 адам шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы Шинхуа агенттігі хабарлап отыр.

Кеше Қытайдың Денсаулық сақтау және жоспарлы туу министрі Ли Бин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ҚХР-дағы H7N9 құс тымауының қазіргі жағдайын және алдын алу шараларының қалай жүргізіліп жатқанын ашық жеткізді.

Қытайда құс тұмауын жұқтырғандардың саны артып қана қоймай, қазірге дейін 9 адам жұқпалы індеттен көз жұмған. Бейжіңдегі 66 емдеу орталығында Құс тымауына қарсы күрес бөлімдері ашылды.

Кеше Шаңхай қаласында арнайы жиналыс өтіп, әртүрлі өкпе науқасына шалдыққан адамдарға қайта тексеру жүргізілу керектігі айтылды. Қалалық ЦЭС Шаңхайдағы барлық құс еті өнімдерін шығаратын компанияларға тексеруін күшейтіп, қазірге дейін 139 кәсіпорын сүзгіден өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!