Тұрмысы төмен британдықтар Тэтчердің өліміне қуануда

Фотография - Тұрмысы төмен британдықтар Тэтчердің өліміне қуануда

Аталмыш өңірдің тұрғындары оның жұртшылықты әлеуметтік кепілдемелерден айырған либералды реформаларын кешіре алмауда. 

171 0

Күні кеше дүниеден өткен Маргарет Тэтчердің саясаткерлігіне біреулер таң қалып, бағасын беріп жатса, Британияның Брикстон атты қаласының маңында тұратын тұрмысы төмен тұрғындар Тэтчердің өліміне қуануда, деп хабарлайды Еуроньюс.

Аталмыш өңірдің тұрғындары оның жұртшылықты әлеуметтік кепілдемелерден айырған либералды реформаларын кешіре алмауда.

«Бұл әйел менің жастық шағымды қайыршылықта өткізуіме себеп болды. Менің ойымша, бүгінгі қоғамның барлық кемшіліктері үшін кедейлер мен қарт адамдарды емес, соны айыптау керек» - дейді Брикстонның бір тұрғыны. Тэтчердің өліміне Брикстондағылармен қатар Лондон тұрғындары да қуанып жүрген секілді. Себебі, олар сенбі күні Трафальгер алаңында Тэтчердің өліміне қатысты өтетін мерекелік кешке жұртшылықты шақыруда, дейді Еуроньюс. Ал экс-премьердің Белгравиидегі үйінің алдына біреу бөтелкедегі сүт қойып кеткен. Ондағы мақсат - Тэтчердің бастауыш сынып оқушыларына тегін берілетін тағамдардан үнемдегенін еске салу.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!