АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясы жиынына байкот жариялады

Фотография - АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясы жиынына байкот жариялады

Жиынды Бас ассамблея президенті, Сербияның бұрынғы сыртқы істер министрі Вук Еремич ұйымдастырған еді.

124 0

АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясының әскери қылмыс жөніндегі халықаралық трибуналға арналған отырысына байкот жариялады. Жиынды Бас ассамблея президенті, Сербияның бұрынғы сыртқы істер министрі Вук Еремич ұйымдастырған еді.

Құрама Штаттар отырысты "арандатушылық мақсатта ұйымдыстырылған және оған қос тарап өкілдері бірдей қатыстырылмады" деп атады. Жиында Сербия президенті Томислав Николич айыпты деп танылған Сербия азаматтары халықаралық сотта жүйелі түрде қуғынға ұшырап отыратынын мәлімдеді.

Қарсылар жиынды ресми Белградтың Сербияның 1990 жылдардағы Балқан соғысындағы әрекетіне қатысты сот үкіміне қарсы шығу амалы деп мәлімдеп отыр.  Канада мен Иордания өкілдері де жиынға қатысудан бас тартты. Еуропа елдері де  жиынға төмен деңгейдегі дипломаттарын жіберді.

Кейбір деректерге қарағанда, Вук Еремич жиынға 1995 жылы қырғынға ұшыраған мұсылман отбасыларының өкілдері кіретін "Сребреница аналары" тобының мүшелерін қатыстырмай қойған.

 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!