КХДР баллистикалық зымырандарын ұшыруға дайындап қойды

Фотография - КХДР баллистикалық зымырандарын ұшыруға дайындап қойды

Бұл туралы Жапон қорғаныс министрлігінің өкілі, ғарыштық барлау деректеріне сүйене отырып бүгін таңертең мәлімдеді.

193 0

КХДР ең аз дегеннің өзінде бір баллистикалық зымыранды шығыс жағалауда ұшыруға дайын күйге келтіріп отыр. Бұл туралы Жапон қорғаныс министрлігінің өкілі, ғарыштық барлау деректеріне сүйене отырып бүгін таңертең мәлімдеді.

Соңғы кездері Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея елі және оның жақтастары арасындағы қырғиқабақ жағдай әлем жұртшылығының демін ішіне тартқызып отырғандай. Ал АҚШ пен Жапония болса, КХДР ұшырған баллистикалық зымырандарды қағып түсіруге дайын екендіктерін әлдеқашан хабарлап үлгерген.

Пхеньян болса өз көршісін одан сайын өшіктіре түспеу үшін, ұшыруларды кейінге қалдырып келеді. Сондай-ақ, солтүстік кореялықтар қаруларын тапсырып, өз жұмыстарына алаңсыз кірісуде деген ақпараттар да әлемді шарлап кетті. Дегенмен, зымырандар кез-келген сәтте ұшыуға сақадай-сай дайын күйде екендігі де айтылуда. Сондықтан да болар, шиеленіс шарықтау шегіне жетіп үлгерген секілді десек те, бақылаушылар біржақты шешімге келер емес.

Солтүстік Кореяның мұндай әрекетіне АҚШ: КХДР қауіпті сызық аумағында тұр. Корей жарты аралдарына қатысты арандатуларын жалғастыра берсе, Америка өзін және өзінің жақтастарын және олардың аймағын қорғау үшін кез-келген қадамға баратындығын жариялап келеді. 


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!