Былтыр ұшақтарда 26 млн шабадан жоғалған

Фотография - Былтыр ұшақтарда 26 млн шабадан жоғалған

 Ұшаққа мінген жолаушының жүк салатын шабадандары да жоғалады екен. Бір қарағанда өте сенімді көрінгенімен, әуекемесінің жолаушылары жүк салған шабадандарын таппай қалатын жайттар да жиі кездесіп отыр

185 0

 Ұшаққа мінген жолаушының жүк салатын шабадандары да жоғалады екен. Бір қарағанда өте сенімді көрінгенімен, әуекемесінің жолаушылары жүк салған шабадандарын таппай қалатын жайттар да жиі кездесіп отыр.

Соңғы деректерге жү­гінсек, 2012 жылы әуе лай­нерлерінің бортына са­лын­ған 26 миллион ша­бадан ұшты-күйлі жоқ бо­лып кеткен. Миллион­даған жолау­шылар ұшақ­тан түсіп, айналмалы қоз­ғалып тұратын терминал­дан жүк алар кезде, өз зат­тарын таппай қалған. Өкі­нішке қарай, мұндай мы­салдар жыл сайын көбейіп келеді. SITA компания­сының хабарламасына қа­рағанда, 2012 жылы 26 миллион шабадан жо­ғал­са, 2011 жылы 25 8 миллион сумка із-түзсіз кеткен.

Алайда жоғалған жүк­тердің саны артқанымен, компания шы­ғынға ұшы­рап отырған жоқ. Де­ректер жүк тасымалының үл­кен табыс әкеліп отырғанын жазады. Деректерге жүгінер болсақ, 2012 жылы жүк та­сымалы 4,5 пайызға арт­қан, бірақ әрбір мың адам­ға шаққанда 8,83 жолау­шының жүгі жоғалған. Ал мұның себебі неде? Кейбір деректерге қарағанда, бұл әуекомпанияның кінәсі­нен емес. Ақиқаты, көп­теген жолаушылар терми­нал­ды жүгін күтіп тұрғанда шатасып, басқа біреулер­дің шабаданын алып кете­ді екен. Әрине, олар­дың ішін­де ұрлық мақ­сатпен бас­қаның жүгін қолды етіп ке­тетіндер де жоқ емес.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!