Иран келіссөзінің экс басшысы президенттікке түспек

Фотография - Иран келіссөзінің экс басшысы президенттікке түспек

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздеріндегі делегацияның бұрынғы басшысы Хасан Рохани маусымда өтетін президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеді

262 0

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздеріндегі делегацияның бұрынғы басшысы Хасан Рохани маусымда өтетін президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеді.

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Рохани санкция салынып, Иранның үлкен экономикалық шығынға ұшырағаны үшін қазіргі президент Махмуд Ахмединежадты айыптады.

"Мен Иран экономикасын тығырықтан шығарып, парасатты үкімет арқылы халықаралық қауымдастықпен конструктивті диалог орнату үшін алға шығып отырмын" деген Рохани.

Хасан Рохани Иран делегациясын 2003-2005 жылдары Франция, Германия және Ұлыбританиямен болған келіссөздерде басқарған еді. Махмуд Ахмединежад билікке келген соң ол отставкаға кеткен. Екінші мерзім президенттік қызметін атқарып отырған Ахмединежад заң бойынша алдағы сайлауларға қатыса алмайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!