Жыныстық зорлық-зомбылық - әскери қылмыс

Фотография - Жыныстық зорлық-зомбылық - әскери қылмыс

Лондонда жиналған "Үлкен сегіздік" (G8) елдерінің сыртқы істер министрлері қақтығыстар кезіндегі зорлау мен жыныстық зорлық-зомбылықты әскери қылмыс және Женева конвенциясын бұзу деп жариялады

240 0


Лондонда жиналған "Үлкен сегіздік" (G8) елдерінің сыртқы істер министрлері қақтығыстар кезіндегі зорлау мен жыныстық зорлық-зомбылықты әскери қылмыс және Женева конвенциясын бұзу деп жариялады.

Жиын барысында Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хаг сегіз ел жоғарыда аталған қылмыстарды тергеп, жазалау үшін халықаралық құзырлы орган құру туралы мәмілеге келгенін айтты. Оның сөзінше, болашақта жыныстық зорлық-зомбылық жасағандарға бейбіт келіссөзде ешқандай жағдайда да рақымшылық жасауға болмайды. Уильям Хаг бұл мақсаттарға жету үшін сегіз ел 36 миллион АҚШ долларын бөлуге де уағдаласқанын айтты.

Жиынға қатысқан БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ерікті елшісі Анжелина Джоли мен БҰҰ-ның қақтығыс аймақтарындағы жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы бойынша өкілі Зейнаб Бангура "сегіздіктің бұл қадамын қолдады. Джоли оны "әлдеқашан уақыты келген" деп атады, ал Бангура "бұл - тарихтағы ең бір жексұрын  қылмысқа тосқауыл қояды" деді.

"Үлкен сегіздік" елдері клубына АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Канада және Жапония қатысады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!