Туниске бұрынғы президент жымқырған қаржы қайтарылды

Фотография - Туниске бұрынғы президент жымқырған қаржы қайтарылды

Тунис елі үкіметінің сендіруінше, бұрынғы президент Зин Абедина Бен Али жымқырған 29 млн. АҚШ доллары кері қайтарылды

186 0

Тунис елі үкіметінің сендіруінше, бұрынғы президент Зин Абедина Бен Али жымқырған 29 млн. АҚШ доллары кері қайтарылды.

Қаржы БҰҰ көмегімен қайтарылған. Бұл жайында Тунис мемлекеттік телеарна хабарлайды. Аталмыш ұйымның шеңберінде құрылған сарапшылар тобы қолды болған қаржыны іздеу жұмыстарына кіріскен екен.

2011 жылдың қаңтарында елдің бұрынғы президенті Бен Али 23 жылдық басқаруына нүкте қойған көтерілістен кейін Тунистен табанын жалтыратқан. БҰҰ өкілі Али бин Фетаис Марри 29 млн. АҚШ доллары көлеміндегі чекті президент Монсеф Марзукиге тапсырған. Марри "араб көктемі" оқиғасынан кейін қызметінен айрылған араб мемлекеттеріндегі бұрынғы президенттердің активтерін іздеумен айналысатын БҰҰ сарапшылар тобын басқарады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!