"Фейсбуктың" негізін қалаушы өз партиясын құрды

Фотография - "Фейсбуктың" негізін қалаушы өз партиясын құрды

Марк Цукерберг өзінің саяси партиясының саяси көші-қон, білімді дамыту және технология салаларындағы мәселелермен айналысатындығын  Washington Post блогына жариялады. Ұйым FWD.us деп аталатын болады.

295 0

Марк Цукерберг өзінің саяси партиясының саяси көші-қон, білімді дамыту және технология салаларындағы мәселелермен айналысатындығын  Washington Post блогына жариялады. Ұйым FWD.us деп аталатын болады.

Әйгілі әлеуметтік желінің авторы АҚШ-тың көші-қон саясатында шетелден білікті әрі еңбекққор мамандарды шақыртуға шек қойылатындығын айтты.  Өте қарқынды дамып келе жатқан IT-секторына алдарына нақты мақсат қойған, түрлі мемлекеттерден шақыртылатын жастар қажет. Олардың көбісі  колледждерде немесе мектептерде оқуы мүмкін.

Бизнесменнің ойынша, нақты ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласындағы білім сапасын арттыратын стандарттарын жетілдіру мәселесін қарастырған жөн.

Цукерберг өзінің бастамасын нарықтың шынайы бағытымен ұштастырады. «Бұрынғы экономика табиғи ресурстарға, өндірістік машиналарға және қолмен жасалатын еңбекке негізделген.  Ал, қазіргі кезде адамның өз құзырындағы білімі, ойының ұшқырлығы, өрісі бағаланады. Сол себепті де қазіргі заманда жұмысқа көбінесе жас мамандарды шақыру керек.

Сонымен қатар, оның ойынша қаражаттың негізгі бөлігі ғылыми зерттеулерге бөлінгені дұрыс. Бүгінде ғылыми жетілдірулер зерттеумен айналысқандардың аясын ғана қамтып, көпшілікке беймәлім екендігін де атап өтті.

Партияға Силикон алқабының көшбасшылары, оның ішінде LinkedIn Рид Хоффман кірді.


Тегтер:

Facebook

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!