Құс тұмауының H7N9 вирусы Қытай астанасына жетті

Фотография - Құс тұмауының H7N9 вирусы Қытай астанасына жетті

Бейжіңде құс тұмауының H7N9 қоздырғышын жұқтырған алғашқы адам бойынша мәлімет расталды. Қатерлі дертке 7 жастағы қыз шалдыққан екен

170 0

Бейжіңде құс тұмауының H7N9 қоздырғышын жұқтырған алғашқы адам бойынша мәлімет расталды. Қатерлі дертке 7 жастағы қыз шалдыққан екен. Бұл туралы аталмыш қаланың денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Қазіргі таңда науқас бала астаналық ауруханада ем-дом қабылдау үстінде. Оның жағдайын ақ халаттылар тұрақты деп бағалап отыр. Қызымен етене араласқан ата-анасынан тұмаудың белгілері табылмаған.

12 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес Қытайда құс тұмауының H7N9 қоздырғышын жұқтыру бойынша 43 жағдай тіркелсе, оның 11-і қайғылы аяқталған.

Әзірге вирустың бір адамнан екіншісіне жұғатыны дәлелденбеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!