АҚШ-та судья өз-өзіне айыппұл салды

Фотография - АҚШ-та судья өз-өзіне айыппұл салды

Мичиган (АҚШ) штатындағы Иония округінің судьясы әділдікті берік ұстанғаны соншалық, өз-өзіне 25 доллар көлемінде айыппұл салды.

143 0

Мичиган (АҚШ) штатындағы Иония округінің судьясы әділдікті берік ұстанғаны соншалық, өз-өзіне 25 доллар көлемінде айыппұл салды.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, бұл жағдай кезекті сот отырысы кезінде болған – судьяның қалтасындағы ұялы телефон шырылдаған. Ал Америка заңдары бойынша, сот ғиамаратына кірген кезде барлығы ұялы телефондарын сақтау камерасына өткізу керек.

«Раймонд Воут осы пунктінің орындалуына аса қатаң бақылау жасайтын. Оның өзі осындай жағдайға тап болғаны қатты таң қалдырды», – деді баспасөзге судьяның таныстарының бірі.

«Шырылдап жатқан телефон менікі екенін түсінгенде қатты қысылдым. Мұндай күйге тап боламын-ау деп ойламаппын», – деді судья. Сот отырысы аяқталғаннан кейін Фемида қызметкері ең алдымен өз-өзіне айыппұл жазып, оны өз қолымен сот кассасына апарып төледі. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!