Венесуэлада президент сайлауы аяқталды

Фотография - Венесуэлада президент сайлауы аяқталды

Венесуэлада президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Өткен айда президент Уго Чавес қатерлі ісіктен қайтыс болған соң оның орнына 14 сәуірге мерзімінен бұрын жаңа президент сайлау белгіленген еді

173 0

Венесуэлада президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Өткен айда президент Уго Чавес қатерлі ісіктен қайтыс болған соң оның орнына 14 сәуірге мерзімінен бұрын жаңа президент сайлау белгіленген еді.

Сайлаудың басты үміткері президенттің міндетін уақытша атқарушы Николас Мадуро болып келген. Бірақ дауыс беру кезіндегі сауалнамалар қарсыласы Энрике Каприлестің онымен барабар дауыс алғанын көрсетіп отыр. Ал дауыс беру аяқталған соң Энрике Каприлес "сайлау нәтижесі бұрмаланғанын" мәлімдеді.

Мадуро сайлау науқанында халыққа Чавес айтып кеткен "21 ғасыр социализмін" орнатуға уәде еткен. Чавес "21 ғасырдың социализмі" деп саясатта солшыл бағытты ұстану, кедейлерді қолдау мен мемлекеттің экономиканы бақылауға алуын атаған еді.

Каприлес сайлау кампаниясында қазіргі үкімет саясатын сынаған. Ол елдегі азық-түлік пен электр энергиясы тапшылығын жоюға, инфляция мен қылмыс деңгейін төмендетуге уәде берген. 

Венесуэла мұнай қоры жөнінен әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Бірақ соған қарамастан халқы кедей тұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!