Палестинаның үкімет басшысы өз еркімен қызметтен кетті

Фотография - Палестинаның үкімет басшысы өз еркімен қызметтен кетті

Палестина Премьер-Министрі Салам Файяд өз еркімен қызметтен кетті.

304 0

Палестина Премьер-Министрі Салам Файяд өз еркімен қызметтен кетті.

Үкімет басшысының өтінішін ел Президенті Махмуд Аббас қабылдады. Премьер-Министр Президентпен кездесу барысында билікте қалмайтындығын ашық жеткізген. Салам Файяд министрлер кабинетін 2007 жылдан бері басқарып келді. Оның ел экономикасын дамытуда қосқан үлесі аз емес. Алайда былтыр АҚШ пен Израиль тарапынан қаржыландыру шұғыл қысқарғаннан бері экономикалық жағдай нашарлай түсті. Ал соңғы кезде ақпарат көздері Президент пен премьердің мемлекетті басқарудағы бірқатар мәселер бойынша қарама-қайшы көзқараста болғандығын хабарлаған болатын. Десек те келіспеушіліктің нақты себебі беймәлім.

 


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!