Венесуэлада президент сайлауының нәтижесі шықты

Фотография - Венесуэлада президент сайлауының нәтижесі шықты

Сайлау комиссиясы таратқан ақпаратқа қарағанда, жексенбіде өткен сайлауда уақытша президент Николас Мадуро сайлаушылардың 50,8 пайыз дауысын жинап, алға шыққан. Ал оның қарсыласы, оппозицияшыл Энрике Каприлес 49,1 пайыз дауыс алған

104 0

Сайлау комиссиясы таратқан ақпаратқа қарағанда, жексенбіде өткен сайлауда уақытша президент Николас Мадуро сайлаушылардың 50,8 пайыз дауысын жинап, алға шыққан. Ал оның қарсыласы, оппозицияшыл Энрике Каприлес 49,1 пайыз дауыс алған.

Сайлау қорытындысы шыққан соң жақтастары алдында сөйлеген Мадуро "өзінің жеңіске жеткеніне күмән тудырмайтын" сайлау нәтижесімен келісетінін мәлімдеді. Бірақ қарсыласы Каприлес берілген әрбір дауыс қайта саналмайынша сайлау нәтижесін мойындамайтынын хабарлады.

Мадуро сайлауалды кампаниясында экс-президент Уго Чавестің мемлекет экономиканы бақылауға алатын "21 ғасыр социализмін" орнататынын айтқан еді.

Каприлес Уго Чавес билігі Венесуэланы дағдарысқа ұшыратты деген.

Венесуэланың экс-президенті Уго Чавес наурыздың басында қатерлі ісіктен қайтыс болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!