Түркияда "құдайға тіл тигізген" пианист сотталды

Фотография - Түркияда "құдайға тіл тигізген" пианист сотталды

Фазыл Сай Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясын сынап жүретін еді.

234 0

Стамбул соты танымал түрік пианисі Фазыл Сайды "құдайға тіл тигізді" деп айыптап, 10 ай мерзімге шартты түрде соттады. Судья музыкантқа өткен жылдың сәуір айында Twitter-де жазған комментарийлерінде "ислам құндылықтарын қорлады" деп кінә артқан. 43 жастағы пианист үкім шыққанда сотқа қатыспады.

Фазыл Сай Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясын сынап жүретін еді. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды және істі партия ұйымдастырған деп санайды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!