Ирактағы жарылыстардан 22 адам мерт болып, 100-ден астамы жарақаттанды

Фотография - Ирактағы жарылыстардан 22 адам мерт болып, 100-ден астамы жарақаттанды

Бұл туралы Associated Press жергілікті өкімет орындарына сілтеме жасап хабарлайды.

122 0

15 сәуірде таңертең Ирактың әртүрлі аудандарында бірнеше жарылыс болды, онда 22 адам қазаға ұшырады, 100-ден астамы жараланды, деп хабарлады РБК.

Бұл туралы Associated Press жергілікті өкімет орындарына сілтеме жасап хабарлайды.

Лаңкестік актілер бір мезгілде бірнеше қалада, соның ішінде Бағдадта да болды. Содырлар өздерінің үйреншікті тәсілін қолдап, бірнеше автомашинаға жарылғаш заттарды салды. Екі миналанған машина Бағдадтың халықаралық әуежайының бақылау-өткізу бекетінде жарылды. Оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 17-сі жараланды.

Осындай жарылыстар Киркук, Туз-Хурмату және Эн-Насирия қалаларында да болды. Киркукте және оның маңайында автотұрақтарға қойылған автомашиналар бір мезгілде жарылды. Туз-Хурматлуда үш, Эн-Насирияда - екі машина көкке ұшты.

Кеше Ирак қалаларында лаңкестік актілер толқыны өтті, олардың салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды, олардың арасында жергілікті кеңеске өз кандидатурасын ұсынған сүннит саясаткері де бар. Мосулде бес полицей өлтірілді.

Ирак американдық әскерлер елден шығарылғаннан кейінгі жергілікті заң шығару органдарына алғашқы сайлауға әзірленуде. Дауыс беру 2013 жылғы 20 сәуірге тағайындалып отыр.

Содырлар сайлауды өткізбеуге бар күшін салып жатыр. Соңғы күндері депутаттыққа 14 үміткер қаза болды. Кеше Салахеддин қаласында жергілікті кеңеске кандидат Мұхаммед әл-Дулаими өлтірілді. Белгісіз адамдар оны өз үйінің жанында атып кеткен. 


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!