Хосни Мүбәрәк шерушілер өліміне қатысты айыптан ақталды

Фотография - Хосни Мүбәрәк шерушілер өліміне қатысты айыптан ақталды

Бірақ ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты басқа да айыптары бойынша қамауда қала береді.

131 0

Египет соты дүйсенбіде экс-президент Хосни Мүбәрәкті 2011 жылы ақпандағы халық толқуларында ереуілшілердің қаза табуына кінәлі деген айыпқа қатысты ақтап үкім шығарды. Бірақ ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты басқа да айыптары бойынша қамауда қала береді.

84 жастағы Хосни Мүбәрәк 2012 жылдың маусымында 2011 жылғы толқуларда демонстранттардың өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Бірақ биыл қаңтар айында сот істі тергеуде кемшіліктер болған дегенді алға тартып, үкімді қайта қарау туралы шешім шығарған.

Египетті 30 жылға тарта уақыт басқарған Хосни Мүбәрәк 2011 жылы ақпанда үкіметке қарсы халықтық толқулар нәтижесінде биліктен кеткен еді. Шеру кезінде полиция демонстранттарға оқ атып, жүздеген адам қаза тапқан.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!