Обама: Бостондағы жарылыстың соңында кім тұрғанын білмейміз

Фотография - Обама: Бостондағы жарылыстың соңында кім тұрғанын білмейміз

АҚШ билігі Бостон марафонының мәре сызығында кім жарылыс ұйымдастырғанын әзірге білмейді, деп мәлім етті АҚШ президенті Барак Обама.

109 0

АҚШ билігі Бостон марафонының мәре сызығында кім жарылыс ұйымдастырғанын әзірге білмейді, деп мәлім етті АҚШ президенті Барак Обама.

«Біз әлі кім және қандай мақсатпен бұлай істегенін біле алмай отырмыз. Сондықтан әзірге қолымызда еш айғақ болмағандықтан қандайда бір асығыс тұжырымға келуден аулақ болыңыздар, қалай болғанда да біз болған істің ақ-қарасын ажыратамыз», - деді АҚШ президенті.

Обаманың айтуынша, «қажет болған жағдайда» АҚШ аймақтарында арнайы қызметтер қауіпсіздік шараларын күшейтетін болады. Бұған дейін Нью-Йорк пен Вашингтонның полиция департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен болатын.

Қазіргі уақытта Бостон полициясы үш адамның қаза болғанын ресми түрде растап отыр, оның арасында 8 жасар бала да бар. Жалпы алғанда 140-тан аса адам осы екі жарылыстан зардап шеккен.

Полиция сондай-ақ Джон Кеннеди атындағы президенттік кітапханада да жарылыс орын алғанын растады. Соңыра полиция өкілі Twitter-дегі аккаунтынан ондағы жарылыс өртпен байланысты болғанын мәлім етті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!