Алмазбек Атамбаев отырғызған ағашты ұрлап кетті

Фотография - Алмазбек Атамбаев отырғызған ағашты ұрлап кетті

Ең алдымен оны жергілікті тұрғындар байқап, телеарна тілшілеріне жеткізген.

213 0

Бішкек қаласындағы «Победа» саябағына ел президенті Алмазбек Атамбаев отырғызған алша ағашы бір аптадан соң қолды болды. Ең алдымен оны жергілікті тұрғындар байқап, телеарна тілшілеріне жеткізген.

Олардың айтуынша, милиция өкілдері парк ішіндегі Ленинградты қорғаушылар құрметіне орнатылған монумент маңына отырғызылған көшеттерді тексере келе, 14 жас ағаштың орнында жоқ екендігін анықталған. Олардың ішінде Алмазбек Атамбаев пен Қырғыз еліндегі Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Такаюки Коикэнің өз қолдарымен отырғызған ағаштары да жоқ болып шықты.

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары саябаққа жақын маңдағы аудан тұрғындары мен күнделікті таңертең паркте серуендеуді әдетке айналдырған азаматтардан түсініктемелер алған. Сондай-ақ, оқиға орнына «Зеленстрой» қызметкерлері де келіп, сакура ағашының жоғалғандығы жайлы арнайы акті толтырыпты.

Ал Бішкек қаласының ІІБ мамандары болса, жұртшылықтың бұл ақпаратын жоққа шығарып, отырғызылған ағаш көшеттері орнында деп жариялаған.

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, өткен жылдың қараша айында Қырғыз билігіне Жапониядан 150 сакура ағашын отырғызуға арнайы сертификат берілген екен. Осы жылдың 6 сәуірінде осы ағаштарды отырғызудың салтанатты шарасы ұйымдастырылған болатын.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!