Оңтүстік Кореяда АҚШ әскери тікұшағы құлады

Фотография - Оңтүстік Кореяда АҚШ әскери тікұшағы құлады

Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың әскери тікұшағы құлады деп хабарлайды France Press агенттігі.

216 0

Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың әскери тікұшағы құлады деп хабарлайды France Press агенттігі.

Америкалық әскерилердің айтуынша, CH-53 ауыр әскери тікұшағы Солтүстік Кореямен шекарасына жақын маңда, Сеулден солтүстікке қарай Чхорвон қаласында қонатын кезде апатқа ұшыраған. Тікұшақта 3 экипаж мүшесі мен тағы 13 адам болған. Құрбан болған ешкім жоқ. Тікұшақ әскери жаттығу жасап жүрген.

Құрама Штаттар мен Оңтүстік Корея өткен айда сәуірдің соңына дейін созылатын бірлескен әскери жаттығу бастаған еді. Солтүстік Коеря бірлескен әскери жаттығуларға наразылық білдіріп, АҚШ-тың аймақтағы әскери базалары нысанаға алынғанын және Сеулмен "соғыс жағдайында тұрғанын" мәлімдеген.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!