Жапония халал нарығына шыға бастады

Фотография - Жапония халал нарығына шыға бастады

Синтоистік Жапония өздері үшін халал нарығын ашты

171 0

Синтоистік Жапония өздері үшін халал нарығын ашты. Жапондықтар ендігі жерде әлемдік халал нарығында өз үлесіне ие болудың жолдарын іздестіріп жатыр.

Бұған жапондардың халал қауымдастығы мұрындық болуда. Жуырда Малайзияның ислам даму департаменті аталмыш ұйымды халал сертификатын беретін құзырлы орган ретінде мойындады.

«Жапондықтар халал индустриясында бизнестің жаңа бағытын белгілеп, халал өнім өндірушілермен сауда қатынасын орнатуға мүдделі болып отыр. Мәселен, біз жапондықтардың құс етін Тайландтан алдыратынын байқадық. Олар тек халалды ғана қалайды. Токиода және өзге қалаларда халал мейрамханалар көптеп ашылуда. Бұл үрдіс, тіпті, сәнге кірді десе де болады», ­- деді Чулалонгкорна (Бангкок) университетіндегі халал ғылымдары орталығының директоры, профессор Винай Дяхлан Inside Investor-ға берген сұхбатында.

Наным-сенімі жағынан синтоистік-буддалық тұрғындардың қарасы көп Жапонияда 120 мың мұсылман тіршілік кешіп жатыр. Алайда, олардың басында да шешімін таппаған мәселе жетіп артылады. Ең алдымен, халал азық-түлік табуда қиындық көріп отыр. Жапондықтардың халал ұғымынан хабары шамалы. Десе де, соңғы жылдары Жапониядағы мұсылмандардың қатары сырттан келетін діндес бауырлардың есебінен көбейіп келеді. Осыған орай, бұл елде халал өнімдеріне деген сұраныс та артуда.

Тоқтала кететін жайт, 2012 жылдың желтоқсан айында Жапония халал қауымдастығы мисоның соя пастасын өндірушілерге халал сертификатын берді. Мисо жапон тағамдарының дәмін кіргізетін дәстүрлі қоспа болып табылады.

«Мұндай өнімдерге халал сертификатын беру мұсылман елдерінің тұрғындарына жапон ас мәзірімен танысып, дәмін татып көруге мүмкіндік береді әрі жапон өндірушілерінің халал индустриясына ден қоюына себепкер болады», - деді Жапон халал қауымдастығының төрағасы Хинд Хитоми Ремон (Hind Hitomi Remon).

Оның айтуынша, соңғы 10 жылдың ішінде халал ас мәзірін ұсынатын мейрамханалардың саны күрт артқан. Қазіргі уақытта ел аумағында 200-ден аса осындай мейрамхана бар көрінеді.

Жоғары оқу орындарының кооперативтік қауымдастығының ұлттық федерациясы келтірген дерекке қарағанда, 7 бірдей университеттің асханасы мұсылман студенттерге халал тағамдар ұсынады.

Мұсылман туристерді көптеп тарту үшін Осака қаласында Miyako International Tourist атты халал туристік агенттігі құрылған екен. Оның қожайыны Мұса Хидеши Матсуидің айтуынша, бұл мекеме жан-жақты халал қызметін көрсететін Жапониядағы жалғыз турагенттік болып табылады.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!