Мемлекет басшылары Бостондағы терактіні айыптады

Фотография - Мемлекет басшылары Бостондағы терактіні айыптады

Әлем елдерінің басшылары дүйсенбіде АҚШ-тың Бостонда қаласында болған терактіні айыптап жатыр.

201 0

Әлем елдерінің басшылары дүйсенбіде АҚШ-тың Бостонда қаласында болған терактіні айыптап жатыр.

БҰҰ Пан Ги Мун терактіге қатысты "ең сұмдығы - екі жарылыстың да әлемнің әр түкпіріндегі адамдарды біріктіретін шара кезінде болғаны" деді. Ресей президенті Владимир Путин жарылыстарды "тағылық қылмыс" деп атап, АҚШ-қа Ресей көмегін ұсынды. Ауғанстан президенті Хамид Карзай "өз елінің мұндай оқиғалар кезінде туындайтын азап пен қайғыны бөлісетінін" білдірді.

Марафон кезінде болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 130-ға тарта адам жараланған еді. Марафонға әлемнің бірқатар елінен 27 мыңға тарта адам қатысқан. Құрама Штаттар президенті Барак Обама қылмысқа жауаптылардың табылатынына және жауапкершілікке тартылатынына уәде берді.

Жарылыстарға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бостонда, Нью-Йорк, Вашингтон, Лос-Анжелесте қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Федералды тергеу бюросы терактіні тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!