Зілзаладан Пәкістанда 34 адам мерт болды

Фотография - Зілзаладан Пәкістанда 34 адам мерт болды

Сейсенбіде Иран оңтүстік-шығысындағы Пәкістанмен шекаралас тұсында болған күшті жер сілкінісінен Пәкістанда 34 адам құрбан болып, 80 адам жараланды

209 0

Сейсенбіде Иран оңтүстік-шығысындағы Пәкістанмен шекаралас тұсында болған күшті жер сілкінісінен Пәкістанда 34 адам құрбан болып, 80 адам жараланды. Мерт болғандар мен зардап шеккендердің барлығы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясына қарайтын Машкель қаласының тұырғындары.

Иранның IRNA агенттігінің хабарлауынша, билік зілзала болған шекаралас аймақта төтенше жағдай жариялаған. Бірақ Иран жағы қандай да бір зардап шеккен ирандықтар туралы ақпараттарды растаған жоқ.

Зілзала болғаннан ұзамай Иранның мемлекеттік телеарнасы әуелде 40 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған еді. Бірақ кейін Иранның Систан уәлаяты мен Белуджистан провинцияларының басшылары ол ақпаратты растамады.

АҚШ геология қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 балл болғанын айтады. Зілзала ошағы екі ел шекарасынан 50 шақырымдағы Сараван қаласының маңы болған.

Дүмпу Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия аймағындағы кейбір елдерде, тіпті Үндістан астанасы Делиде сезілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!