АҚШ-та Үкіметке сенім деңгейі 28%-ға дейін төмендеді

Фотография - АҚШ-та Үкіметке сенім деңгейі 28%-ға дейін төмендеді

Бұған Pew компаниясы жүргізген әлеуметтік сауалнама мәліметтері дәлел.   Бір жылда Үкіметті қолдау 5%-ға төмендеді

148 0

АҚШ-та федералдық үкіметті азаматтар тарапынан қолдауы рекордтық төмен дәрежеге дейін түсіп кетті - американдықтардың тек 28% ғана оның қызметін  қостайды.

Бұған Pew компаниясы жүргізген әлеуметтік сауалнама мәліметтері дәлел.   Бір жылда Үкіметті қолдау 5%-ға төмендеді.

Федералдық үкіметке наразылығына қарамастан, АҚШ азаматтарының 63%-ы өздерінің жергілікті билікке сенім білдіретіндігін және оң көзқараспен қабылдайтындығын жеткізді. 

Федералдық үкіметтің осынша төмен рейтингісінің себептері түсінікті. Американдық баспасөз мәліметтеріне жүгінсек, казіргі сәтте 20 млн. астам американдықтар жұмыссыз немесе шала-шарпы жұмыссыз болып табылады. Бұл осыдан алты жыл бұрынғыдан, шамамен, екі есе артық. Обаманы бірінші рет сайлау сәтінен бері 16 млн. астам американдықтар тамақ алу талоны бағдарламасына қосылды. 50 млн. астам американдықтар қазіргі уақытта кедейшілікте өмір сүреді. Бұл алты американдықтың бірі және бес американдық баланың бірі.

Сонымен қатар, тек қана төменгі кәсіби біліктілігі бар адамдар ғана емес, әйгілі американдық ЖОО-ның түлектері де жиі жұмыссыздар қатарына қосылуда. Wall Street Journal газетінің мәліметтері бойынша, 2012 жылы 284 мың дипломы бар бакалаврлар ең төменгі жалақыға жұмыс істеген. Бүгінгі күні АҚШ-та 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі 16,2%-ды құрайды, алайда тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, жастар арасындағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 20%-дан астам.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!