Бүгін Маргарет Тэтчерді соңғы сапарға шығарып салады

Фотография - Бүгін Маргарет Тэтчерді соңғы сапарға шығарып салады

Лондонда бүгін Маргарет Тэтчерді соңғы сапарға шығарып салады

157 0

Лондонда бүгін Маргарет Тэтчерді соңғы сапарға шығарып салады. Бұл туралы BBC мәлімдеп отыр. 

Британияның бұрынғы премьер-министрі сәуірдің 8-і күні 88 жасында дүниеден озды. Тэтчер 1979 бен 1990 жылдар аралығында биліктің тізгінін ұстаған Британия тарихындағы алғашқы әйел-премьер болып есептеледі.

Тэтчердің мәйіті Вестминстер сарайының Қасиетті Мария капелласында түнеді. Сейсенбі күні марқұмның жақындары, парламент екі палатасының өкілдері және Даунинг-Стрит резиденциясында жұмыс істеген Маргарет Тэтчердің жеке қызметкерлерінің қатысуымен Вестминстер аббатығының басшысы қысқаша қызметін жасады.

Ал дүйсенбі күні Лондонда рәсімнің әскері дайындығы өтті. Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсіміне 2 мыңға жуық адам шақырту алды.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II, премьер Дэвид Кэмерон мен британ үкіметінің барлық мүшелері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің бірінші орынбасары, ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастап барады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!