Constitution Project: АҚШ тұтқындарды азаптайды

Фотография - Constitution Project: АҚШ тұтқындарды азаптайды

Constitution Project тәуелсіз комиссиясы Вашингтонда жариялаған есебінде АҚШ-тың тұтқындарды азаптайтынына ешқандай күмән жоқ деген қорытынды шығарды.

145 0

Constitution Project тәуелсіз комиссиясы Вашингтонда жариялаған есебінде АҚШ-тың тұтқындарды азаптайтынына ешқандай күмән жоқ деген қорытынды шығарды.

Комиссия 16 айға созылған тексеру жұмыстарын таяуда аяқтаған еді. Оның құрамына бұрынғы америкалық конгресмендер, елшілер, судьялар мен жоғары шенді шенеуніктер кіреді. Комиссия мүшелері Гуантанамо, Ауғанстан, Ирактан және Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) уақытша ұстау абақтыларынан ақпараттар жинаған, бұрынғы тұтқындармен, АҚШ және басқа да елдердің өкілдерімен сөйлескен.

Сарапшылар тұтқындарды тергеудің қатаң әдіс-тәсілдерін қолданудың қажетті, пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік бергеніне ешқандай дәлелдеме таба алмаған.

Комиссия негізінен Джордж Буш президент болған жылдарға тексеру жүргізген. Дегенмен комиссия қазіргі президент Барак Обама әкімшілігін де тергеуді "тым құпия жүргізеді" деп сынады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!